» » «СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

«СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Kyzylorda Hub» коворкинг орталығында «Жасанды интеллект: оның мүмкіндіктері мен әлеуеті» тақырыбында бірінші секция жұмысы өтті.
Өңірлерден келген Ассамблея жастары мен жалпы қатысушылар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Kyzylorda Hub» орталығының жобаларымен танысты.
Секция барысында жастар мен сарапшылар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жастардың рөлі, кәсіпкерлік пен көшбасшылықты дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ жастар саясатының өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.
Шараны Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Елена Пак жүргізді.
Қызылорда университеті кәсіпкерлік орталығының басшысы Ж. Түбекбаев құттықтау сөз сөйлеп, негізгі спикерлердің бірі, «Grand Programming» ЖШС-нің директоры, IT Park-тің сенімді басқарушысы Алмат Жомартұлы жастардың қоғамдағы белсенділігі мен даму жолдарына тоқталды.

Секция жұмысына Ғылым және білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан қатысып, ҚХА 30 жылдығымен құттықтап, министрлік тарапынан жастарды қолдау бағыттарына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, форум аясында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаевтың қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанынан құрылған «Студенттік Ассамблея» орталығының ашылып, оның төрағасы болып, өңірлік «Ассамблея жастарының» белсендісі Исмаил Махадинов тағайындалды.

Ал Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова университет қабырғасында «Студенттер Ассамблеясының» орталығының ашылуымен құттықтап, жаңа бастамаларға сәттілік тіледі.

Секция қорытындысымен қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар беріліп, жастар бастамаларын жүзеге асырудың жаңа жолдары талқыланды.

@ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

07 сәуір 2025 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 368
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 141

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930