» » Экологиялық акцияға Қызылорданың белсенді жастары да атсалысты

Экологиялық акцияға Қызылорданың белсенді жастары да атсалысты

Республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының үшінші аптасы «Жасыл аймақ» атауымен жалғасуда. Осыған орай, бүгін туған өлкесін түлетуге атсалысып жүрген аймақтың 100-ге жуық белсенді жастары қаладағы Қорқыт ата ескерткіші маңында Сыр талын егіп, аталмыш акцияға қолдау білдірді. Сондай-ақ, белсенді жастар ескерткіш аумағын қоқыстардан тазартып, ондағы ағаш діңгектерін әктеп, сырлады.

Бұдан бөлек, жастар экоакцияны қызықты әрі ерекше өткізу мақсатында тұрғындарға тіл үйірер тәтті балмұздақтар таратып, ескерткіш аумағында «Бауырсақ party» шарасын ұйымдастырды. Қала тұрғындары жастардың мұндай белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, өз алғыстарын жеткізді.
Көппен бірге атқарылған жұмыс көңіл қуантады. Игі шара барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студент жастары, волонтерлер және республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының облыстық филиалының мүшелері, Ассамблея жастары экологиялық акцияда белсенділік танытып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
26 сәуір 2024 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930