» » Қызылорда қаласында “Жасыл аймақ” акциясына ардагерлер де ат салысты

Қызылорда қаласында “Жасыл аймақ” акциясына ардагерлер де ат салысты


Қоршаған ортаны таза әрі ұқыпты ұстау – әрбір азаматтың басты парыздарының бірі. Себебі, табиғат – баршамызға ортақ құнды байлық. Қазақта ежелден табиғатты аялауға, жақсы көруге үлкен мән беріледі. Сол үшін де атадан балаға жалғасқан игі іс халық арасында өз құндылығын жоғалтқан емес. Сондықтан да, дәстүрін діңгек еткен дана халқымыз көктем шығысымен аумақты көкжелекке айналдыруға атсалысып, тал отырғызуда белсенділік танытады.

Бүгінде елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы «Жасыл аймақ» тақырыбында жалғасуда. Осы ретте, Сырбойылық бір топ ардагерлер және зиялы қауым өкілдері қаладағы Қорқыт ата ескерткіші маңында Сыр талын отырғызып, аталмыш акцияға өз үлестерін қосты. Бұдан бөлек, ардагерлер ескерткіш аумағында әдемі гүлдер екті. Шара барысында облыстық ардагерлер кеңесі төреағасының орынбасары Өмірбек Шәменов акцияға қатысты өз пікірін білдіріп, жас ұрпаққа табиғаттың жанашыры болуға және айналаны барынша таза ұстауға шақырды. Осы арқылы аймағымыздың экологиялық ахуалын жақсартып, жан-жағымызды жасыл-желекке айналдыруға үлкен мүмкіндік болары сөзсіз екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, «Жасыл аймақ» апталығы Қызылорда қаласы және барлық аудан орталықтарында ерекше шаралармен жалғасуда.
Қызылорда облысының әкімдігі

26 сәуір 2024 ж. 798 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930