» » “Жасыл аймақ” экологиялық акциясына Қызылорданың белсенді жастары да атсалысты

“Жасыл аймақ” экологиялық акциясына Қызылорданың белсенді жастары да атсалысты

Республика көлемінде өтіп жатқан “Таза Қазақстан» экологиялық акциясының үшінші аптасы “Жасыл аймақ” атауымен жалғасуда. Осыған орай, бүгін туған өлкесін түлетуге атсалысып жүрген аймақтың 100-ге жуықбелсенді жастары қаладағы Қорқыт ата ескерткіші маңында Сыр талын егіп, аталмыш акцияға қолдау білдірді. Сондай-ақ, белсенді жастар ескерткіш аумағын қоқыстардан тазартып, ондағы ағаш діңгектерін әктеп, сырлады.
Бұдан бөлек, жастар экоакцияны қызықты әрі ерекше өткізу мақсатында тұрғындарға тіл үйірер тәтті балмұздақтар таратып, ескерткіш аумағында «Бауырсақ party» шарасын ұйымдастырды. Қала тұрғындары жастардың мұндай белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, өз алғыстарын жеткізді.
Көппен бірге атқарылған жұмыс көңіл қуантады. Игі шара барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студент жастары, волонтерлер және республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының облыстық филиалының мүшелері, Ассамблея жастары экологиялық акцияда белсенділік танытып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
26 сәуір 2024 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930