Бүгінгі күнгі өңіріміздегі мемлекеттік қызметтің жай-күйі
Фото
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3332бірлікті құраса, қазіргі таңда нақты жұмыс жасайтын 3245 мемлекеттік қызметшінің 15-і саяси әкімшілік қызметшілер, 3230-ы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылады.
Ал, мемлекеттік қызметшілердің ұлттық құрамына келсек, 99,6 пайызын қазақтар құраса, 0,4% өзге ұлт өкілдері.
Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің ішінде әйелдердің үлесі 45,5%-ды құраса, оның ішінде 20,1% басшылық лауазымдарды атқарады. Оның 2-і басқарма басшысы, 9-ы басқарма басшысының орынбасары, 4-і департамент басшысы, 9-ы департамент басшысының орынбасары, 3-і ауыл әкімі, 12-і қалалық және аудандық деңгейдегі дербес бөлім басшылары.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің орташа еңбек өтілі 13,3 жыл шамасында. Ал, олардың орташа жасы 42,3 жасты құрады. Бір қуанарлығы, жастардың мемлекеттік қызметші болуға ынтасы жоғары. Қазір 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 24,2 пайыз.
Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің арасында жоғары білімді мамандар 95,3 пайыз болса, екі немесе одан да көп жоғары білім алған азаматтар қатары 24,4%-ды құрайды.
Мамандардың сапалық дәрежесіне келсек, «Болашақ» бағдарламасы бойынша 4 түлек, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын 29 түлек бітірді. Ал, ғылыми потенциалы жағынан 2 ғылым докторы мен 10 ғылым кандидаты бар.
Жыл басынан бері 896 мемлекеттік қызметші оқытылды, оның ішінде 178-і қайта даярлау, 718-і біліктілігін арттыру курстарынан өткізілді.
Жалпы, мемлекеттік қызмет жүйесінен 118 қызметші кеткен болса, оның 1,8%-ы жеке секторларға, 2,1%-ы квазимемлекеттік секторларға және 96,1%-ы басқа да белгілі себептермен өз өтініштеріне сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесіндегі қызметін тоқтатты.
Мұнан бөлек, 27 мемлекеттік қызметші теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған. Оның ішінде 4-і соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуіне байланысты, 23-і сыбайлас жемқорлыққа қарсы шекетулерді сақтамағаны үшін жұмыстан босатылған.
Жыл басынан бері өңірдегі барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда 615 (268 ішкі және 347 жалпы конкурс) бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізіліп, нәтижесімен 423 үміткер бос лауазымдарға қабылданды.
Оның ішінде, меритократия қағидаттарына сәйкес мансаптық өсу жолымен ішкі конкурстар арқылы 68%-ы жоғары лауазымдарға тағайындалды.
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызметке кіруді барынша жеңілдету мақсатында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындалу бойынша белгілі нормалар қабылданған.
Атап айтқанда, жоғары оқу орындарын мемлекеттік грант есебінен үздік аяқтаған түлектер диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамалардан ешқандай тест тапсырмастан конкурстан тыс тағайындала алады.
Осы норма заңды күшіне енген уақыттан бері бүгінгі күнге дейін өңірімізде 26 түлек Қызылорда қаласы мен Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы аудандық және ауылдық деңгейдегі түрлі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалды.
Сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірген түлектерді оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде еліміздің барлық өңірлеріндегі (Астана қаласын қоспағанда) мемлекеттік органдардағы жекелеген лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындау мүмкіндіктері қарастырылды. Осы жаңашылдық аясында, өңіріміз бойынша 2025 жылы 2 түлек конкурстық іріктеусіз бос басшылық лауазымдарға тағайындалды.
Сонымен бірге, бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейту мақсатында Агенттіктің келісімімен конкурстық іріктеусіз «Б» корпусының жоғары лауазымдарына тікелей тағайындау мүмкіндігі берілді. Осы жаңашылдық аясында 2025 жылы 9мемлекеттік әкімшілік қызметші конкурс өткізілместен бос басшылық лауазымдарға тағайындалды.
Атап айтқанда, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама, дін істері, табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармалары мен Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі, облыстық мемлекеттік қазынашылық департаментінің, ҚР Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің, Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшылары Агенттікпен келісу арқылы конкурстан тыс тағайындалды.
Жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында 2024 жылы Өңірлік кадр резервіне жүргізілген іріктеудің нәтижесімен Қызылорда облысының Өңірлік кадр резервіне алынған 25 кандидаттың 11-і резерв аясында бүгінгі күнге дейін конкурстық іріктеусіз бос лауазымдарға тағайындалса, тағы 1 резервші ҚР Президенті Әкімшілігіне шақырту алып, жаңа лауазымға орналасты.
2025 жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өткізілген болатын. Іріктеудің нәтижесімен өңірімізден 3 жас маман үздік деп танылған 50 резервшінің қатарына ілікті.
Атап айтқанда, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филалының несиелік талдау бөлімінің аға талдаушысы Жансая Аманкелдіқызы Жақсатова, Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ербол Булебаев пен Қазалы ауданы әкімі аппаратынан қатысқан бас инспектор Жұмажан Асқарұлы Сақыбай (қазіргі таңда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бюджет саясаты департаменті Мемлекеттік міндеттемелерін басқару саясаты басқармасының бас сарапшысы).
2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Жұмажан Асқарұлы Сақыбай ҚР Президенті Кеңсесінің сарапшысы лауазымына тағайындалды.
Бақытжан Нұралы,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы













