» » Мемлекеттік қызметке қабылдау ережелері

Мемлекеттік қызметке қабылдау ережелері

Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс. Бүгінде аймағымыздағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3348 бірлікті құраса, қазіргі таңда 3317 мемлекеттік қызметші нақты жұмыс жасайды. Мемлекеттік органдардағы бос орындар саны 31 бірлікті құрайды.
Кадрлардың тұрақтылығы мен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды толықтыру бағытындағы шараларды қабылдау бойынша өңіріміз республикада көш басында.
Жыл басынан бері бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды толықтыру мақсатында өңірімізде барлығы 558 конкурс (оның ішінде 273 ішкі конкурс, 285 жалпы конкурс) өткізіліп, нәтижесінде 384 (оның ішінде 146 ішкі конкурс, 238 жалпы конкурс) үміткер бос лауазымдарға қабылданған.
Өткізілген конкурстардың ішінде 174 конкурстың 141-де ешқандай үміткерлер қатыспағандықтан, 10-да қатысқан үміткерлердің біліктілік талаптарына сәйкес келмегендіктен, 18-де үміткерлердің конкурстық комиссияның оң шешімін алмағандықтан, 5-де конкурстық комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің ұсынылған лауазымға орналасудан өз еріктерімен бас тартуы себепті өткізілмеген.
Елімізде мемлекеттік қызметтің реформасы бастау алған алғашқы 2016 жылы мансаптық өсу қағидаттарына сәйкес ішкі конкурстардың нәтижесімен жоғары лауазымдарға тағайындалған қызметшілердің үлесі аймақтағы жергілікті атқарушы органдарда небәрі 59,6 %-ды ғана құраған болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 73,3 пайызға жетіп отыр.
Оның ішінде, Қызылорда облысы әкімі аппараты мен жергілікті басқармалар бойынша жоғары лауазымдарға тағайындалған қызметшілердің үлесі 77,4%-ды құраса, Сырдария ауданының әкімдігінде 71,4%, Арал ауданының әкімдігінде 60%.
Бүгінгі күнге дейін, меритократия қағидаттарына сәйкес мансаптық өсу жолымен С.Бекішев облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы лауазымынан аталған бөлімнің басшысы лауазымына, Т.Нәдірбек облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы лауазымынан аталған басқарма басшысының орынбасары лауазымына, Б.Шәріпбеков Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары лауазымынан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына, М.Усаин облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымынан аталған басқарманың басшысы лауазымына ішкі конкурстар арқылы тағайындалған.
Бақытжан Нұралы,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша
департаментінің бас маманы
12 қараша 2024 ж. 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930