» » 2024 жылдың І жарты жылдығындағы Сыр өңіріндегі мемлекеттік аппараттың кадрлық жай-күйі

2024 жылдың І жарты жылдығындағы Сыр өңіріндегі мемлекеттік аппараттың кадрлық жай-күйі

Бүгінгі таңда Сыр өңірінде мемлекеттік органдардың штат саны 3 349 бірлікті құраса, қазіргі таңда нақты жұмыс жасайтын 3246 мемлекеттік қызметшінің 15-і саяси әкімшілік қызметшілері, 3231-і «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің 99,5% қазақ ұлтының өкілдері болса, қалған 0,5% өзге ұлт өкілдері болып келеді.
Аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің ішінде әйелдердің үлесі 45,9%-ы құраса, оның ішінде 9,4%-ы басшылық лауазымдарды атқарады.
Атап айтқанда, 1-еуі басқарма басшысы, 4-еуі департамент басшысы, 9-ы басқарма басшысының орынбасары, 9-ы департамент басшысының орынбасары, 3-еуі ауыл әкімі, 8-і қалалық және аудандық деңгейдегі дербес бөлім басшылары сияқты түрлі санаттағы басшылық лауазымдарды атқарады.
Мемлекеттік қызметшілердің 94,4%-ы жоғары білімге ие болса, 5,6%-ы орта кәсіби білімі бар тұлғалар негізінен аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы лауазымдарды атқарады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің 23,3%-ы екі немесе одан артық жоғары білімге ие және өңірімізде мемлекеттік қызметте 11 ғылым кандидаты, 4 «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері мен 24 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері жұмыс жасайды.
Мемлекеттік қызметтегі 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 24,4%-ды құрайды.
Меритократия қағидаттарына сәйкес қызметшілердің мансаптық өсуінде оң нәтижелер байқалады. Атап айтқанда, бос лауазымдарға орналасуға жарияланған ішкі конкурстардың қорытындысымен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің 71,5% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалған болса, конкурс өткізілместен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысу тәртібімен жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалғандың үлесі 20,9%.
Сонымен бірге, соңғы 3 жылда таза ауысымдылықпен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың саны азайып келеді. Бүгінгі күнге өңірдегі бұл көрсеткіш 1,1%-ды құрап отыр.
Теріс себептер бойынша 2 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған.

Бақытжан НҰРАЛЫ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша
департаментінің бас маманы
11 шілде 2024 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031