» » 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні


Мемлекеттік қызмет – барлық саланы тиімді басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратын мемлекеттік жүйенің ең маңызды тетіктерінің бірі. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай қызмет ететін мемлекеттік қызметшіден басталады. Ал, мемлекеттік қызметшінің қызметі – Отаны мен халқына адал еңбек етуімен бағаланады.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің штат саны - 3 338 бірлікті құрайды. Оның 14-і саяси мемлекеттік қызметші болса, қалған - 3 324-ы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері. Бүгінде бұл салада 3 236 адам жұмыс істейді.
Сондай-ақ, жыл басынан бері мемлекеттік органдарда 157 бос лауазымдарға конкурс өткізілген. Оның ішінде ішкі конкурс 83 болса, жалпы конкурстың саны 74-ті құрап отыр. Ішкі конкурстардың нәтижесімен қабылданған 51 үміткердің 31-і жоғары лауазымды орындарға тағайындалды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Өңірлік кадр резервіне іріктеудің соңғы кезеңі өтуде. Бұған дейін іріктеудің бірінші кезеңінде өңірлік кадрлық резервке 235 үміткердің құжаты қабылданды. Ал, екінші кезең екі блокта өтті. Біріншісі – заңнаманы білуге арналған тестілеу болса, екінші блок – жеке қасиеттерді бағалауға арналған.
Нәтижесінде, Астана қаласында өтетін "Құзыреттерді бағалау" деп аталатын үшінші кезеңге 51 үміткер жіберілді. Бұл үміткердің басым бөлігін мемлекеттік қызметшілер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары және жеке сектордың қызметкерлері құрайды.
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, осы салада қызмет ететін барлық азаматтарды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

23 маусым 2024 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031