» » Жас мемлекеттік қызметшілер қатары көбеюде

Жас мемлекеттік қызметшілер қатары көбеюде


Бүгінде облыста мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 3 343 бірлікті құрайды. Былтыр мемлекеттік органдардағы 527 бос лауазымға орналасуға конкурстар өткізіліп, оған 824 адам қатысты. Нәтижесінде, 372 азамат бос мемлекеттік лауазымды орынға қабылданды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев хабарлады.
-Жалпы өңірде мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3 260 адам болса, оның 45,9 пайызы нәзік жандылар. Ал 350 мемлекеттік қызметші 29 жасқа дейінгі азаматтар болып саналады. Облыс көлемінде электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тиісті деңгейде жүргізілуде. Атап айтқанда, былтыр 395 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 7 188 380 қызмет көрсетілді. Тиісінше, жергілікті атқарушы органдар бойынша электронды түрде көрсетілетін қызмет 2021 жылмен салыстырғанда 9,9 пайызға артты. Сондай-ақ, өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 16 отырысы өткізіліп, онда 86 мәселе қаралды. Оның 45-і тәртіптік іс болса, қалған 41-і профилактикалық бағыттағы мәселе. Әдеп жөніндегі кеңес тәртіптік істерді қарап қана қоймай, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға да атсалысып келеді. Яғни, 2022 жылы 13 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік істің қаралуы тоқтатылып, олардың құқықтары қорғалды, - деді Ғалым Сұлтанұлы.

@Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

08 ақпан 2023 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 230

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 335

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930