» » Жиналыстарды онлайн форматта өткізу заман талабы

Жиналыстарды онлайн форматта өткізу заман талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде «Жиналыстардың басым бөлігін онлайн форматта өткізу қажет» деген болатын.
Ел Президентінің тапсырмасына орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметтік мәжілістер мен отырыстардың басым бөлігін онлайн форматта өткізуге баса мән беруде. Жыл басынан бері Департаменттің бастамасымен ұйымдастырылған жиналыстардың 90 пайызы қашықтықтан өткізілді.
Осы кезге дейін негізінен офлайн форматта өтетін мәжілістердің бірі - Департаменттің жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының биылғы алғашқы отырысы онлайн форматта өтті.
Алғашқы отырыста облыстық әділет департаменті мен Қазалы ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтердіңбизнес процестерін жетілдіру, электронды қызметтердің үлесі мен сапасын арттыру бойынша есептері тыңдалды.2021 жылы Әділет департаменті тарапынан 11 мемлекеттік қызметтер бойынша 1250 қызмет көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көбейген.Ал, Қазалы ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен өткен жылы 59 қызмет түрі бойынша 22639қызмет ұсынылған.Оның ішінде, баламалы түрде көрсетілетін қызметтердің электронды форматтағы үлесі78,7 пайызды құрап отыр.
Айта кету керек, Ведомствоаралық жұмыс тобы - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жұмыс тобына халықтың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын оңайлату және тұрғындарды қолжетімді жоғары сапалы қызметтермен қамтамасыз ету жүктелген.Өткен жылы Ведомствоаралық жұмыс тобының 5 отырысы өткізілген. Онда 13 мәселе қаралып, мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге 44 ұсыным берілді.
Мемлекет басшысының жиналыстарды онлайн форматта өткізу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан үстіміздегі жылы қызметтік жиындардың басым бөлігін онлайн өткізу көзделуде.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда
облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
04 ақпан 2022 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 235

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 338

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930