» » Мемлекеттік қызмет: кеше және бүгін

Мемлекеттік қызмет: кеше және бүгін

26 желтоқсан - Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік қызмет заңнамасының қабылданғанына 25 жыл толуына орай "Мемлекеттік қызмет: кеше және бүгін" атты семинар-мәжіліс өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген семинарға онлайн форматта ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аймақтық филиалының директоры, қалалық және аудандық мәслихат хатшылары, облыстық мәслихаттың, қала және аудан әкімдіктерінің аппарат басшылары, мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, қала және аудан әкімдіктерінің персоналды басқару қызметінің басшылары қатысты.
Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Р.Бисенов семинар-мәжілісті ашып, модераторлық жасады. Шараның мақсаты - мемлекеттік қызметтің өткеніне көз жүгірте отырып, жинақтаған тәжірибелерді сараптау, мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін тиімді ұсыныстарды жинақтау және оны іске асыру екенін жеткізді.
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ә.Ерсұлтанов және облыстық арадагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.Сағындыққызы алғы сөз сөйлеп, семинар-мәжілістің жұмысына сәттілік тіледі.
Семинар-мәжілісте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры М.Әйтімов, "Қорқыт ата" атындағы университеттің оқытушысы А.Мұхтарова, онлайн қатысқан Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев және облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Әлмеш баяндама жасады.
Баяндамашылар тарапынан меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру, мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар бағытын нақтылау бағытындағы мәселелер қозғалып, кейін тиімді ұсыныстар беру сұралды.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
29 желтоқсан 2020 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 402
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930