» » Сыр өңіріндегі мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі

Сыр өңіріндегі мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі

2025 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен Сыр өңірінде мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3330 бірлікті құраса, қазіргі таңда нақты жұмыс жасайтын 3251 мемлекеттік қызметшінің 15-і саяси әкімшілік қызметшілері, 3236-ы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің ұлттық құрамына келсек, 99,6% қазақ ұлтының өкілдері болса, қалған  0,4% өзге ұлт өкілдері болып келеді.
Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің ішінде әйелдердің үлесі 45,5%-ы құраса, 20,1%-ы басшылық лауазымдарды, оның ішінде
1-і басқарма басшысы, 4-і департамент басшысы, 9-ы басқарма басшысының орынбасары, 10-ы департамент басшысының орынбасары, 3-і ауыл әкімі, 12-і қалалық және аудандық деңгейдегі дербес бөлім басшылары сияқты түрлі санаттағы басшылық лауазымдарды атқарады.
Мемлекеттік қызметшілердің 95,2%-ы жоғары білімге ие болса, 4,8%-ы орта - кәсіби білімі бар тұлғалар негізінен аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардағылауазымдарды атқарады.
Сондай-ақ,  мемлекеттік қызметшілердің 24,5%-ы екі немесе одан артық жоғары білімге ие және өңірімізде мемлекеттік қызметте 11 ғылым кандидаты, 3 «Болашақ» бағдарламасы мен 24 ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері жұмыс жасайды.
Мемлекеттік қызметшілердің орташа еңбек өтілі 13,1 жылды, орташа жасы 42,3 жасты құраса, 24,6%-ы 35 жасқа дейінгі жастар болып табылады.
Меритократия қағидаттарына сәйкес өңірдегі қызметшілердің мансаптық өсуінде оң нәтижелер байқалады. Атап айтқанда, бос лауазымдарға орналасуға жарияланған ішкі конкурстардың қорытындысымен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің 67,2%-ы жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалған болса, конкурс өткізілместен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысу тәртібімен жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалғандың үлесі 25,6%.
Сонымен бірге, соңғы 3 жылда таза ауысымдылықпен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың саны азайып келеді. Бүгінгі күнге өңірдегі бұл көрсеткіш 1,8%-ды құрап отыр.
Теріс себептер бойынша 22 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған.
                                                Бақытжан Нұралы,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша
департаментінің бас маманы
16 шілде 2025 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 274
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031