» » ҚАЙРАТКЕРДІ ҚОС МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚАЙРАТКЕРДІ ҚОС МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қала әкімі Нұржан Ахатов Қызылорда облысының, қаласының және Қазалы ауданының құрметті азаматы Жарылқасын Шәріповті мерейлі 85 жасқа толуымен және Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
"Ел ағаларына құрмет көрсету - біздің парызымыз. Сіздердің өмірлік өнегелеріңіз бен тәжірибелеріңізді кейінгі буын үлгі тұтады. Ақыл-кеңестеріңіз бен ақ баталарыңыз арқылы елдің бірлігі мен берекелі тіршілігі үйлесім тауып келеді. Қатар келген қос мерекеңіз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілейміз!" - деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Аймақ басшысы мерейтой иесіне дәстүрге сай шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.
Жарылқасын Шәріпұлы Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механизациялау институтын бітірген 1963 жылдан Сыр өңірінің өркендеуіне атсалысты. Еңбек жолын өзі туып-өскен Қазалы ауданының Бөзкөл ауылында машина-трактор шеберханасының меңгерушілігінен бастап, Энгельс совхозының, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері, совхоз директоры, аудандық советтің атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық агроөнеркәсіп техникасы бірлестігі басшысының орынбасары, басшысы сияқты қызмет сатыларынан өтті.
Кейін Қазалы ауданының, Қызылорда қаласының әкімі болды. Облыстық мәслихат депутаты болып сайланып, мәслихаттың тексеру комиссиясын басқарды. "Еңбек Қызыл ту", "Халықтар достығы", "Құрмет", ІІ дәрежелі "Барыс" ордендерінің иегері.
Жарылқасын Шәріпұлы көрсетілген құрметке алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

01 қаңтар 2026 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930