» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевпен бірге Сырдария ауданына арнайы барып, Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровты Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ақсақалға ізгі тілегін жеткізіп, дәстүрге сай иығына шапан жапты.
«Қариясы бар елдің қазынасы бар» дегендей, өмір жолы өнегеге толы аға буынның тәжірибесі мен тағылымының өскелең ұрпақ үшін орны бөлек. Сіз майдан даласында ерлік көрсеттіңіз. Отан үшін от кешіп, елімізді жаудан қорғаған Өзіңіздей батырларымыздың арқасында бүгiнгi бейбiт күнге жеттік. Тәуелсіз Қазақстанымыз еңсесін тіктеп, бейбітшілік пен берекенің ордасына айналды.
Елге оралғаннан кейін де аймағымыздың өркендеуіне аянбай атсалысып, жарқын болашағына зор үлес қостыңыз. Қарттарымыздың ақыл-кеңесі, ақ батасымен ұлттың ішкі тұтастығы сақталып, бірлік пен берекелі тіршілік үйлесім тауып келеді.
Үлкенге құрмет көрсету, жақсы істерін жастарға үлгі ету – біздің қасиетті парызымыз. Жыл алмасқан кездегі үміт пен арманға толы сәтте Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға бақ-береке тілеймін!», – дейді Н.Нәлібаев.
Айта кетейік, Яхия Тасыров – Қызылорда облысындағы жалғыз ҰОС ардагері. Ол 1922 жылы Тереңөзек ауданы, Қараөзек елді мекенінде дүниеге келген. 1941 жылдың аяғында Ташкент облысы Фрунзе аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскерге алынған. Омбы қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтіп, 1942 жылдың қазан айында майданға жіберілген. Соғыс жылдарында Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Данциг портында аяғынан ауыр жараланып, соғысты Германияда аяқтап, 1945 жылы қыркүйек айында елге оралған.
Майданда көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», І, ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының Батыры Маршал Г.К.Жуков», Ұлы Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті ардагері, Сырдария ауданының құрметті азаматы.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

01 қаңтар 2026 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 155
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 799

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031