» » Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жеңіс күнімен құттықтады.
Қадірлі жерлестер! Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Баршаңызды бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен аға буынның жанқиярлығының, қажымас қайраты мен ерік-жігерін әйгілейтін мереке – Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт заманда өмір сүріп, жарқын болашағымызға жол аштық», – деп атап өтті. Майдан даласынан оралмаған боздақтарды еске алып, ардагерлерімізді ардақтау – перзенттік парызымыз. Бүгінде Сыр өңірінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Яхия Тасыров пен Тілеуберген Тобабергенов ғасырлық ғұмыр ғибратымен Жеңістің 80 жылдығын қарсы алуда. Мереке қарсаңында қарт майдангерлерге лайықты құрмет көрсетілді. Соғыс жылдары тылда еңбек еткен, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем берілді. Отанымызды қорғаған батырлардың арқасында бүгiнгi бейбiт күн туды, елімізге ашық аспан, тұрақтылық пен береке, ырыс пен несiбе келді. Біз қаһармандық пен қайсарлықтың теңдессіз үлгісін көрсеткен майдангерлердің рухына әрдайым бас иіп, тағзым етеміз. Боздақтарымыздың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Отбасыларыңызға бақ-береке, амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
09 мамыр 2025 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 716
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031