» » Есеп беру жиыны өтті

Есеп беру жиыны өтті

Ақтөбе ауылдық клубы үйінде «Оңталап» шаруа қожалығының 2025 жылғы жылдық есеп беру жиыны мен Сабантой мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, салтанатты түрде өтті.
Атаулы жиынға ауыл тұрғындары, еңбек ардагерлері, шаруашылық қызметкерлері және қонақтар қатысты. Шара барысында «Оңталап» шаруа қожалығының бір жыл бойы атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері жөнінде кең көлемді жылдық есеп баяндалды. Есепте егін шаруашылығындағы көрсеткіштер, өндірістің дамуы, еңбек өнімділігінің артуы мен алдағы жоспарлар жан-жақты қамтылды.
Жиын барысында ауыл ардагерлері мен ақсақалдар сөз сөйлеп, шаруашылықтың тұрақты дамуына өз үлесін қосып жүрген еңбек адамдарына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Ардагерлер ел экономикасының тірегі – еңбек адамы екенін атап өтіп, жас ұрпақты адал еңбекке, жауапкершілікке тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
Мерекелік жиынның ең әсерлі сәттерінің бірі – еңбек адамдарын марапаттау рәсімі болды. Бір жыл бойы табанды еңбек етіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге бағалы сыйлықтар табысталды, ал өндірісте үздік атанған озат мамандарға автокөлік кілті салтанатты түрде тапсырылды. Бұл – еңбекке деген құрмет пен адал қызметтің лайықты бағасы болды.
Сонымен қатар Сабантой мерекесіне тән ұлттық нақыштағы көңілді бағдарлама ұсынылып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ән-жыр, игі тілектер мен шаттыққа толы бұл мереке ауыл бірлігін нығайтып, еңбек мерейін асқақтата түсті.
Осындай мазмұнды әрі тағылымды шара «Оңталап» шаруа қожалығының ауыл өміріндегі орнының ерекше екенін көрсетіп, алдағы жылдарға үлкен сенім мен жігер сыйлады.
03 қаңтар 2026 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 268
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930