» » АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың елімізде инфляция деңгейін төмендету, азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мақсатында берген тапсырмасына сәйкес, Сауда министрлігімен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімі 19-дан 31-ге кеңейтілді.

Тізілімде бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (қалыптық), рожки, қарақұмық жармасы, ақталған күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызанақ, қияр, алма, түйіршіктелген қант, әртүрлі ет (сиыр, қой, жылқы), балық, тауық еті, тауық ұшасы, майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейін сүт, майлылығы 2-3% айран, қаймақ, майлылығы 5-9% сүзбе, қатты ірімшік, сары май (тұздалмаған, толтырғыштар мен өсімдік майларынсыз 72,5%-дан 80%-ға дейін), тауық жұмыртқасы (I санат), қара шай, ас тұзы өнімдері бар.

Үкімет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев сала өкілдерімен бірге, облыс орталығындағы Сұлтан-2, ҚызылордаОптомаркет, Small сауда желілері мен әлеуметтік дүкенді аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жай-күйіне, бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мақсат - азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақтылығына көз жеткізу, сөрелерде азық-түлік тауарларының қажетті қорының болуын қамтамасыз ету.
Сауда желілерінің сөрелерінде өнім толық, баға тұрақты және тауарларға мерекелік жеңілдіктер ұсынылуда.

Сауда субъектілерімен кездесуде облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев бағаны тұрақты ұстау және оның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша тапсырма берді.

03 қаңтар 2026 ж. 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930