» » ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШЫРША

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШЫРША

Аудан әкімінің бастамасымен ауданымыздың ерекше балаларына арналған дәстүрлі Жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды. Жылдың ең керемет сәттерінің бірі саналатын бұл кеш балақайлардың жүрегіне шаттық ұялатып, ұмытылмас әсер сыйлады. Мерекелік шара балалардың жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуына мүмкіндік берді.
Салтанатты кеш барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек бүлдіршіндерді және олардың ата-аналарын мерейлі мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Өз сөзінде аудан әкімі ел тәуелсіздігі мен бірлігінің арқасында жеткен жетістіктерге тоқталып, алдағы күндерге зор үмітпен қарайтынын жеткізді.
– Санаулы күндерден кейін толайым табыстарымен есте қалған жылан жылын шығарып салып, жылқы жылын қарсы аламыз. Жаңа жыл әр отбасыға береке мен бірлік, жақсылық пен қуаныш әкелсін. Баршаңызға зор денсаулық, амандық пен табыс тілеймін, – деді аудан әкімі.
Шара барысында балаларға аудан әкімінің атынан арнайы әзірленген мерекелік сыйлықтар табыс етіліп, жас өрендердің жан-жақты дамуы мен олардың қоғамдағы орнына әрдайым ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілді. Бұл – балақайларға деген қамқорлықтың, мейірім мен ізгіліктің нақты көрінісі.
Мерекелік кеш ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылған қызықты қойылымдарға ұласып, Аяз ата мен Ақшақардың өнері балаларды шат күлкіге бөледі. Әсем әуен, жарқыраған шырша, көңілді ойын мен тәтті тосынсыйлар кештің сәнін арттырып, балаларға шынайы қуаныш сыйлады.
Осындай игі шарада ерекше балалардың жүзінен күлкі кетпей, олардың болашағына деген сенім нығая түсті. Жаңа жыл мерекесі бала жүрегінде мейірім мен жақсылыққа деген үміт отын жаққан тағылымды кешке айналды.
«ҚТ» ақпарат
02 қаңтар 2026 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 180
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 826

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031