» » ЖАҚСЫЛЫҚПЕН КЕЛ, ЖАҢА ЖЫЛ!

ЖАҚСЫЛЫҚПЕН КЕЛ, ЖАҢА ЖЫЛ!


Жаңа жыл – келешекке үміт артатын, елді бірлікке үндейтін ерекше кезең. Уақыт тағы бір белесті артқа тастап, жаңа парақ ашты. Осындай мағынасы терең мерекені Қармақшы жұртшылығы биыл да көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Осы орайда аудан орталығында Жаңа 2026 жылды қарсы алуға арналған «Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек жұртшылықты Жаңа жылмен құттықтап, өткен жылдың аудан үшін табысты, мазмұнды кезең болғанын атап өтті. Сондай-ақ 2025 жыл ел тарихындағы тағылымы терең, маңызды даталармен айшықталғанын айтып, қол жеткізілген жетістіктер бірлескен еңбектің нәтижесі екенін жеткізді.

Өз сөзінде аудан басшысы әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, аудан бюджетінің айтарлықтай өсім көрсеткенін атап өтті. Сонымен қатар газдандыру жобасының жүзеге асуы, тұрғын үй саласында қолға алынған бастамалар мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар да айтылды.

– Алдымызда тұрған жаңа жыл – жаңаша серпін мен биік мақсаттар жылы. Алдағы уақытта да ауданымыздың әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табады, – деді аудан әкімі.

Мерекелік кеш барысында тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарлама ұсынылып, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен бүлдіршіндермен ойындар ұйымдастырылды.

Салтанатты шара соңы мерекелік отшашумен аяқталып, аудан тұрғындары ерекше әсерге бөленді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 қаңтар 2026 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 155
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 799

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031