ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен "Жаңа жыл-жаңа табыс" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, білім саласында толайым табысқа жеткен ұстаздар қауымының еңбегі сараланып, үздіктер марапатталды.
Жыл қорытындысына арналған салтанатты шарада білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Сеьздұлы сөз сөйлеп, білім саласында атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып, ұстаздар қауымын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген барша білім саласы қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
Салтанатты кеш барысында жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен білім саласының қызметкерлері марапат төрінен көрінді.
Осы ретте биылғы жылы ауданымыздың біршама білім ордалары облыстан үздік деп танылды.
Атап айтар болсақ, «Озық идеялар мен технологиялар ордасы» номинациясы бойынша №26 орта мектебі,«Ынтымағы жарасқан ұжым» номинациясы бойынша №250 мектеп-лицейі,«Үздік әлеуметтік әріптес» номинациясы бойынша №273 орта мектебі марапатталды.
Сонымен қатар аудан бойынша үздіктер қатарынан көрінген сала қызметкерлеріне арнайы білім кәсіподақ ұйымының төсбелгілері мен грамоталары табысталды.
Сондай-ақ, ауданымыздың жыл қорытындысы бойынша «Жыл таңдауы -2025» марапаты аясында «Ынтымағы жарасқан ұжым» номинациясымен - №12 «Самал» бөбекжай- бақшасы, «Шуақты тәрбие мекені» номинациясымен- №21 «Тоғжан» бөбекжай- бақшасы, «Өнегелі өнер ордасы» номинациясымен - Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебі ұжымы, «Шығармашыл мектеп -2025» номинациямен - Сүлеймен Есқараев атындағы №27 орта мектебі, «Инновациялық мектеп-2025» номинациямен - Темірбек Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясы, «Үздік әлеуметтік әріптес -2025» номинациясымен - №109 орта мектебі ұжымы, «Шабыт пен тәжірибе кеңістігі» номинациясымен - аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті марапталды.
Қорытынды кеш әсем ән мен әсерлі билерге ұласып, ұстаздар қауымына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл – еңбегі еленген, мерейі асқан білім саласы қызметкерлері үшін үлкен құрмет пен зор мотивация болған тағылымды сәттерге толы кеш болды.

















