» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ИМАМДАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ КЕҢЕСІ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ИМАМДАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ КЕҢЕСІ ӨТТІ


Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінде имамдардың бір жыл ішінде атқарған қызметтері қорытындыланған кеңес өтті.

Жиын барысында дін саласы өкілдерінің қоғаммен өзара ықпалдастық орнату, діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу бағытындағы қызметтері сараланды.

Жиын барысында Қоғамдық даму басқармасының басшысы бірқатар имамдарды Дін істері басқармасы мен аудан әкімінің орынбасарының атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Басқосуға қатысқан аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Нұржан Арыстанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай құттықтау лебізін білдіріп, имамдардың ел ішіндегі тұрақтылық пен ауызбіршілікті нығайтудағы жауапкершілігін атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар арасында мазмұнды пікір алмасу өтіп, алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.

Қармақшы аудандық "Қармақшы ата" мешітінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930