» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ


2025 жылғы 3-5 сәуір күндері аралығында Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Асыл мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен маңызды рухани-танымдық іс-шаралар өтті.
Іс-шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, білікті теолог, дінтанушы Нұрсұлтан Орынбасарұлы Мамедалиев Қармақшы ауданына қарасты бірнеше елді мекенде жергілікті тұрғындармен жүздесіп, мазмұнды кездесулер өткізді.
Сапар барысында теолог маман ауыл тұрғындарына "Мұсылманның сенімі", "Жүрек тазалығы", "Адал қарым-қатынас", "Ғылым және сенім" тақырыптарында кең көлемде ақпарат беріп, қоғамдағы өзекті мәселелерді діни және ғылыми тұрғыда түсіндіруге ден қойды. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласындағы «Жәрімбет» мешітінде құптан намазынан кейін мешіт жамағатымен кездесу және Қармақшы аудандық орталық мешітте “Намаздың қасиеті” тақырыбында жұма уағызын өткізді. Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сан түрлі сауалдарға теолог Нұрсұлтан Орынбасарұлы нақты, шариғатқа және ғылыми деректерге негізделген тұшымды жауаптар берді.
Іс-шаралар еркін пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан ерекше қолдау тапты. Жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған түрлі әлеуметтік және діни мазмұндағы мәселелерді ортаға салып, пайдалы әрі мазмұнды ақпараттар алды. Іс-шара ұйымдастырушылары жергілікті атқарушы билік өкілдеріне және барлық қатысушыларға алғысын білдіре отырып, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын атап өтті.
09 сәуір 2025 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 607
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930