» » Мешіт жамағатымен кездесті

Мешіт жамағатымен кездесті



Жуырда аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысымен «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы «Қармақшы ата» және Төретам кентіндегі «Жәрімбет» мешіттерінде Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының Түркістан облысы бойынша бас имамы, республикалық ақпараттық тобының мүшесі Еркебұлан қажы Ыбырайымұлы жамағатпен кездесті.
Кездесу барысында Еркебұлан қажы уағыз айтып, жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Жалпы, уағызда өзекті діни мәселелер, соның ішінде сабырлық турасында нәпсіні тәрбиелеу, исламдағы тәрбие, отбасы тәрбиесі және Пайғамбарымыз бен сахабалардың өнегелі өмірлерінен жамағатты хабардар етті. Сонымен қатар өзара имани иммунитетімізді қалыптастыру, сол арқылы жат ағымның жетегінде кетпеу, мешіт имамдарынан сұқбат, дәріс алу, оны қайта жандандыру секілді уағыздар айтылды. Жиналған жамағат Еркебұлан қажыға разылығын айтып, алғыс білдірді.

Ерсін ӘЛІБАЙ
16 желтоқсан 2021 ж. 776 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 601

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930