» » Жат ағымның жетегінде жүрмеңіз

Жат ағымның жетегінде жүрмеңіз

Қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілікке ерекше қауіп төндіруде. Тіпті дінді өздерінің саяси мақсаттарына қолданып жүр. Жат ағымның жетегінде кетіп адасқандар бүгінгі қоғамның айықпас бір дертіне айналды. Сан ғасырлардан бері санамызда қалыптасқан ата-баба дәстүрін адасушылық деп танып, ұлт тағдырына көлеңке түсіруде.
Осыған орай аудан әкімдігінің тапсырмасымен және аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде "Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету" мақсатында діни экстремизмнің алдын алуға байланысты Төретам, Жосалы кенті және 12 ауылдық округте кездесу өтті. Онда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғарышбек Нысанбаев және "Қармақшы ата" мешітінің бас имамы Жақсыбек қажы Әбиұлы халыққа түсіндірме жүргізіп, қатысушылармен тақырып аясында пікір алмасты.
«Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілу. Мұндай экстремизмнің негізін демагогиямен байланысқан зорлық, агрессия және шектен шыққан қаталдық құрайды. Негізгі идеологиясы – мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе билікті басып алу. Діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру» деп түсіндірді ішкі саясат бөлімінің бас маманы.
Ислам діні – сонау тарихта бейбітшілікті қалаған діндердің алғашқысы. Осы жөнінде кеңінен түсіндірген мешіт имамы жиналғандарға тұщымды ой тастады.
–Тарихта ислам діні – шайқас бастаушы деген бір дерек жоқ. Кітапты ашып қарасаңыз «мұсылман жорығы», «ислам жорығы» деген жазылмаған. Керісінше «крес жорығы» деген бар. Осыған қарап бейбіт дін екенін ұғасың. Басқа елге атын ұрандап соғыс бастау мүлдем болмаған. Қазіргі күні Сириядағы соғысқа ұрандап, әке-шешені құрметтемеуге үйретіп жүрген жат ағымдар көп. Міне, соның жетегіне еріп кетпей одан барынша сақтануымыз керек, – деді Жақсыбек қажы Әбиұлы кездесулерде сөйлеген сөзінде.
Терроризм – зорлықтың аса қатыгез, үрейлі формалары мен әдістері арқылы саяси мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметтің лас түрі. Бұл барған сайын түрлі кейіпке еніп, қарқынды үрей туғызып келе жатқан заманның ең қауіпті әрі болжамды күрделі құбылысы десек, жат әдеттен іргемізді аулақ салу – әрбіріміздің азаматтық міндетіміз.
Шара соңында келген қонақтарға халық тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алынды.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
23 қыркүйек 2020 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031