» » Ардагерлер кеңесі ZOOM платформасы арқылы насихаттық шаралар өткізді

Ардагерлер кеңесі ZOOM платформасы арқылы насихаттық шаралар өткізді

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде "Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында" діни экстремизмнің алдын-алуға байланысты арнайы діни білімі бар мамандарды тарта отырып Жосалы кентінде ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта ақпараттық-насихаттық шаралар өткізілді. Шараға барлық кент, ауылдық округтегі мамандар және ардагерлер қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қ.Есдаулетов сала өкілдерін аймақ тұрғындарымен таныстырып, жастардың жат ағымдарға кіріп кетуінің алдын-алу үшін діни тұрақтылықтың маңызы зор екендігін тілге тиек етсе, Ғ.Нысанбаев қазіргі жастардың басым бөлігінің дінге деген қызығушылығының артқанын айтып, көнеден келе жатқан салт-дәстүрімізді Ислам діні құндылықтарымен бірге жаңғырту арқылы олардың санасын теріс ағымдардан алшақтатып ұстауға болатынын жеткізді.
Бұдан соң сөз алған Ысқақов Жалғасбек – «Дін мәселелерін зерттеу орталығының Қармақшы аудандық бөлімшесінің теолог маманы» аудандағы діни тұрақтылық, діни ахуал жөнінде, жат ағымның жетегінде кетіп адасқандар жайлы деструктивтік ағымдардың алдын алудағы діни сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, жат ағымдардың жастарға ықпалы және одан сақтандыру жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара соныңда қатысушылар діни тұрақтылық жөніндегі сұрақтарын қойып, ұтымды жауап ала алды.
21 қыркүйек 2020 ж. 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 276

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 373

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930