» » Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ардагерлер арасында дөңгелек үстел өтті

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ардагерлер арасында дөңгелек үстел өтті

Бүгінгі жағдайда бүкіл әлемде адамзаттың бейбіт өмір сүруіне және дамуына қандай да қауіп-қатерлер болса, солардың басында діни экстремизм мен терроризм тұр.
Осыған орай, Аудандық ардагерлер үйінде ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде "Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Есдаулетовтың ұйымдастыруымен ардагерлер арасында "Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында" дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге "Қармақшы ата" мешітінің бас имамы Жақсыбек Қажы Әбиұлы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының Қармақшы аудандық бөлімшесінің теолог маманы Ж.Ысқақов қатысып тақырып төңірегінде қатысушыларға терең ақпарат бере алды.
Сөз барысында дінтанушылар қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізді дамушы және дамыған елдерден ерекшелігі, ол – қоғамдағы діннің нығаюы мен елдегі діни ахуалдың тұрақты болуын, соңғы жылдары еліміздің діни ахуалына талдау жасау барысында, халқымыздың сексен пайызға жуығы асыл дініміз исламды ұстанып, дінге бет бұрып жатқандығы және олардың басым бөлігін жастар құрайтыны белгілі болғанын айтып өтті. Шара барысында дәстүрлі дінімізбен мүлдем үйлеспейтін кейбір сан алуан пікірлер мен ұстанымдар салдарынан туындайтын түрлі келеңсіз жәйіттер алаңдататынын тілге тиек етті.
18 қыркүйек 2020 ж. 803 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 111
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 699

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031