» » Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады?

Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері 30, 31 желтоқсан және 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Суық антициклон Қазақстан аумағынан ығысып, оның орнына оңтүстіктен жылы циклон келеді. Осыған байланысты бірқатар өңірде жауын-шашын болып, ауа температурасы жоғарылайды.
Синоптиктер мәліметінше, 30–31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында қар жауып, боран соғады. Ұлытау облысында жаңбыр жауып, кейін қарға ұласуы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде күтіледі. Жалпы республика бойынша көктайғақ, тұман және желдің күшеюі болжанады.
Ауа температурасы да өзгереді. 30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, ал 30–31 желтоқсанда шығысында күндізгі температура минус 2-ден плюс 3 градусқа дейін көтеріледі. Елдің оңтүстігінде осы күндері ауа температурасы 5–15 градусқа дейін жылынады.
29 желтоқсан 2025 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30