» » ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ЖЕҢІСІ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ЖЕҢІСІ

WorldSkills – кадр даярлаудың орнықты үлгісін құру, адами капиталды дамыту және бизнес пен кәсіптік білім беру мақсатын көздейтін халықаралық қозғалыс. Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту.
WorldSkills кәсіптік білімнің дамуына оң нәтижесін беріп келеді. Оның чемпионаттары екі жылда бір рет әр мемлекетте өтеді. Оған 21 жасқа дейінгі колледж студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар, танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады. Елімізде бұл жоба жыл сайын дәстүрлі түрде жүзеге асуда.
Астана қаласында өткен республикалық WorldSkills Kazakhstan чемпионаты биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» мен WorldSkills чемпионатының он жылдығына орайластырып ұйымдастырылған еліміздегі техникалық және шығармашылық мамандықтар бойынша ең үздік жастарды анықтайтын беделді байқау болды. Аталған чемпионатта болашақ мамандар өздерінің кәсіби шеберлігін, шығармашылық әлеуетін және заманауи талаптарға сай біліктілігін сынға салды.
Осы республикалық додаға Қызылорда облысының атынан «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша қатысқан академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің ТС-124 оқу тобының студенті Дана Меңдібаева жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл – тек бір студенттің жетістігі ғана емес, сонымен қатар кәсіби білім беру ұйымындағы сапалы білім мен жүйелі дайындықтың айқын көрінісі.
Байқау барысында қатысушыларға күрделі тапсырмалар ұсынылды. Атап айтар болсақ, бірінші күнінде тұсқағаз жабыстыру және сәндік композициялар құрастыру, түстер үйлесімін дәл табу, ұлттық және заманауи стильдерді ұштастыру сынды талаптарды орындады. Бұл жұмыстар үш күнге бөлініп, 18 сағатта аяқталу керек болды. Дана Меңдібаева бұл тапсырмаларды жоғары жауапкершілікпен берілген уақыттан бұрын орындап, көркемдік талғамы мен техникалық шеберлігін толық көрсете білді.
WorldSkills чемпионаты студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырумен қатар, олардың өз-өзіне деген сенімін нығайтып, болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етуде. Мұндай жарыстар еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауға жол ашады. Жетекшісі ретінде Дананың жетістігі жас мамандарға үлгі, ал колледж ұжымы үшін үлкен мақтаныш болды деп ойлаймын. Бұл жеңіс студенттерді шығармашылық ізденіске жетелеп, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға ынталандырады.
Дана Мұхтарқызының WorldSkills алаңындағы белсенділігі мен талпынысы болашақ білікті маман қалыптасуының озық үлгісі. Оның бұл қадамы өзге білім алушыларға үлгі болып, кәсіби дамуға жігер беретіні сөзсіз.
Сақыпжамал ДАРМЕНҚҰЛОВА,
академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары
колледжінің арнайы пән оқытушысы
24 желтоқсан 2025 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 128
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 779

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031