» » ЖЕҢІМПАЗ ДАНА – ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

ЖЕҢІМПАЗ ДАНА – ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

WorldSkills – жастарды заманауи еңбек нарығына бейімдеп, халықаралық стандарттар негізінде кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған беделді жоба. Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. WorldSkills кәсіптік білімнің дамуына оң нәтижесін беріп келеді. Бұл жобаға 22 жасқа дейінгі колледж студенттері, білікті жас маман, сонымен қатар танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырманы орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады. Елімізде бұл жоба биыл да жүйелі жүзеге асуда.
Бүгінгі таңда елімізде техникалық және кәсіптік білім беру саласы қарқынды дамып, жастардың кәсіби шеберлігін арттыруға зор мүмкіндік беріп отыр. Осындай мүмкіндікке ие болып, өзінің таланты мен табандылығын дәлелдеген жастардың бірі, колледж студенті – Дана Меңдібаева.
Жақында Кентау көпсалалы колледжінде өткен «5 күн – 5 модуль: WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионатына қарқынды дайындық» атты курсқа колледжіміздің «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының 2-курс студенті Дана Меңдібаеваға жетекшілік жасап, «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша қатыстық. Бұл курстан қатысушылар жоғары кәсіби дайындық пен шеберліктерін жетілдіріп, халықаралық деңгейдегі мамандардан тәлім алды. Дана осы алаңда колледжіміздің намысын абыроймен қорғап, өз шеберлігін таныта білді.
Шеберлік барысында студентіміз ІІ орынға ие болса, жетекшісі арнайы сертификатпен марапатталды. Бұл жеңіс – Дананың өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен қаншама уақыт тынымсыз еңбегінің жемісі. «WorldSkills – тек бәсеке емес, өзімді сынау мен жаңа мүмкіндіктерді көру алаңы болды. Әр қадамымда мені қолдап, сенім білдірген ұстаздарыма алғысым шексіз» дейді Дана.
Осы орайда іс-шараны республикалық деңгейде ұйымдастырып өткізген қатысушыларға, барлық мүмкіндікті арнайы жабдықтармен қамтып, түрлі тәсілдерді меңгеруде жағдай жасаған Кентау көпсалалы колледжінің ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Бес күндік дайындық барысында өз білгенін аямаған, әр моделді жеке-жеке қыр-сырын түсіндіріп берген Диля Рузиматқызына, Мақсат Талғатұлына ризашылығымды айтамыз. Дана өзінің жетістігін колледж ұжымының кәсіби қолдауы мен тәлімгерлерінің еңбегінің арқасы деп біледі. Оның табысы – академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі студенттері үшін үлкен үлгі.
Бүгінде Дана Меңдібаева колледжде өткізілетін шеберлік сабақтары мен дайындық курстарына белсенді қатысып, өз тәжірибесімен жас мамандармен бөлісіп жүр. Ол – табандылықтың, мақсатқа адалдықтың және кәсібіне деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Оның бұл жеңісі – колледж абыройын асқақтатып, жастарға шабыт берері анық.
Сақыпжамал ДӘРМЕНҚҰЛОВА,
С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары
колледжінің арнайы пән оқытушысы
02 қараша 2025 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 784
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 515

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930