» » МЕЙІРІМ СӘУЛЕСІ АЛЫСҚА ТҮСЕДІ

МЕЙІРІМ СӘУЛЕСІ АЛЫСҚА ТҮСЕДІ

Ауданымыздың әлеуметтікэкономикалық ахуалы жыл санап ілгерілеу үстінде. Оның дамуына кәсіпкерлік саласының қосып отырған үлесі мол. Ал олардың қатарынан аудан тұрғындарына сапалы қызмет етіп отырған шаштараз кәсібін де атай аламыз.
Осы кәсіпті өмірлік серік еткеннің бірі – Жосалы кентінің тұрғыны Гүлфариза Омарова. Ол 2008 жылы шаштараз мамандығы бойынша білім алып, алғашында Байқоңыр қаласында халыққа қызмет етсе, 2011 жылы Жосалы кентінде кәсібін жалғастырған. Бұл жақта да тұтынушыларының көңілінен шығып, алғысына бөленеді. Уақытқа сай қозғалуды мақсат еткен кәсіпкер 2017 жылы «Әсем» сұлулық салонын ашып, кәсібін дөңгелете бастайды.
Кәсіп иесінің ерекшелігі, ер адам, әйел деп бөліп жатпайды, балалардың да шашын түзеп, қызметін жасай береді. Бірнеше жыл ішінде тұрақты тұтынушылары қалыптасқан. Қызмет бағасы да қалтаға қонымды. Сонымен қатар көпшілік оның мұқтаж жандарға деген мейірімділігі мен қамқорлығын да ауыздан тастамай айтып жүреді.
Әсіресе, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден қызмет көрсету секторы мамандарының алғысы шексіз. Одан бөлек, ата-аналар да үнемі балаларының шашын тегін алып беретін қайырымды жанға ризашылық білдіруден жалықпайды.
– Мен отбасында мүмкіндігі шектеулі екі бірдей баланың әкесі боламын. Артур мен Каринама орталықтағы «Әсем» шаштаразының иесі Гүлфариза Құрманғалиқызынан тегін қызметін алып келеміз. Қай кезде барсақ та, ақжарқын кейіпте қарсы алады. Қасымызда осындай мейірімді жанның болғанына шүкір етеміз. Қашан барсақ та есігі ашық. Кәсіпкердің кәсібі алға өрлей берсін деген тілегімді айта келе, ата-аналар атынан кәсіпкерге шынайы ризашылығымызды білдіреміз, – дейді Родик Павел ағынан жарылып.
Отбасының ұйытқысы болған кәсіпкер-ана отағасымен бірге үш бала тәрбиелеп өсіріп отырған бақытты жандар.
– Негізгі мамандығым – жеңіл өнеркәсіп технологі болғанмен, кейін келе шаштаразшы болуға шешім қабылдадым. Жастайымнан эстетиканы, әдемілікті жақсы көремін. Салонға келген кісілердің шаштарын алып, болмаса бояп, шаш үлгісін жасап беру – мен үшін шығармашылық жұмыс секілді, одан сондай бір қуат аламын. Қызмет алушыларымның риза болғаны өте маңызды. Қайырымдылық жасауға келсем, атамыз қазақ «Қайырымдылықта қайыр бар», «Жақсылық жасасаң – жақсылығын өзің көресің», «Қайырымдылық – сауапты істен» демей ме?! Меніңше, халыққа қызмет көрсетуде әрбір кәсіпкер мұқтаж жанға қамқор қолын созып жатса, бұл да бір адамгершіліктің белгісі деп ойлаймын, – дейді кәсіпкер ойын бүкпесіз жеткізіп.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
23 желтоқсан 2025 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 126
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 776

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031