» » ҚАЙСАР ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАЙСАР ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Байқоңыр қаласында «3 желтоқсан – Халықаралық ерекше жандар күні» қарсаңында аудан әкімдігінің қолдауымен мерекелік іс-шара өткізілді. Жігер мен қайраттың үлгісін көрсетіп жүрген қайсар жандарға құрмет көрсетіп, қолдау мақсатында жасалған игі шара биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, арнайы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде ерекше жандарға қолдау көрсетіп, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау әрдайым жалғасатынын атап өтті.

Мерекелік шарада қатысушыларға сый-құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ әсем ән мен би орындалып, кездесу концерттік бағдарламаға ұласты.

Сонымен қатар осындай игі шара Қармақшы ауданында да жалғасын тауып, ерекше жандарға арналған мерекелік іс-шара өткізілген болатын. Мұнда да қатысушыларға құрмет көрсетіліп, алдағы уақытта да азаматтарды қолдау жұмыстары жүргізілетіні атап өтілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 желтоқсан 2025 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30