Құрылтай
» » Алғысқа толы мерекелік күн

Алғысқа толы мерекелік күн

1 наурыз – алғыс айту күні қоғамның бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Осыған орай, бүгін Достық үйінде облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті. Аталмыш жиынға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов арнайы қатысып, қызылордалықтарды айтулы мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық келісімді нығайтуға үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.
Шара барысында қонақтарға түрлі этнос өкілдерінің қолөнер бұйымдарынан жасалған көрме, кітап көрмесі ұсынылды. Бұған қоса, шараға қатысушыларға ізгі ниеттерін білдіру үшін «Тілектер картасы» қойылды. Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

02 наурыз 2023 ж. 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31