» » БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінде Байқоңыр қаласында жүргізіліп жатқан тұрғын үй құрылысының барысы тұрақты бақылауда. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары Еркін Рзалиев және Абай Джакешов қалада салынып жатқан 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын аралап, жұмыстың қазіргі жай-күйін көрді.

Қазіргі уақытта бұл нысандарда пәтердің ішкі қабырғаларын әрлеу және тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмысы жүргізіліп отыр. Басшылар құрылыстың белгіленген уақытында аяқталуы мен сапасына көңіл бөліну қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ сапар барысында су бұру жүйелері және реконструкциялау жұмысы да талқыланып, жауапты мердігерге жобаның сапасы мен мерзімін қадағалау тапсырылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 желтоқсан 2025 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930