» » Кассациялық соттың маңызы

Кассациялық соттың маңызы

Кассациялық сот – сот жүйесіндегі жоғары сатылардың бірі болып табылады және оның негізгі мақсаты төменгі соттар қабылдаған сот актілерінің заңдылығын тексеру болып саналады. Бұл сатыда іс қайта қаралмайды, яғни мән-жайы зерттелмейді, тек құқық нормаларының дұрыс қолданылуы мен сот актілерінің заң талаптарына сәйкестігі бағаланады. Кассациялық сот сот тәжірибесін біріздендіруде, құқық нормаларының біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуде және төменгі соттар жіберген құқықтық қателерді түзетуде маңызды рөл атқарады. Осы арқылы сот төрелігінің сапасы артып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қосымша кепілі қамтамасыз етіледі. Кассациялық соттың құрылуы сот жүйесінің ашықтығын, әділдігін және кәсібилігін күшейтіп, құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Кассациялық соттың басты мақсаты – сот төрелігінің сапасын арттыру, құқық қолдану тәжірибесін біріздендіру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қосымша кепілін қамтамасыз ету.
Кассациялық сатының енгізілуі – сот реформасының маңызды бөлігі. Бұл сот актілерінің сапасын жақсартып, азаматтардың әділ сотқа қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді. Сонымен қатар, сот практикасын тұрақтандырып, құқық үстемдігін нығайтуға ықпал етеді.
Ж.Ахметова,
Байқоңыр қалалық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы 
03 желтоқсан 2025 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930