» » ТАРИХИ ТҰЛҒА - ТӘЙІМБЕТ

ТАРИХИ ТҰЛҒА - ТӘЙІМБЕТ


Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Кеңес Одағының Батыры, қасиетті Қармақшы топырағының тумасы, даңқты жерлесіміз Тәйімбет Көмекбаевтың құрметіне арналған "Тарихи тұлға-Тәйімбет" тақырыбында батыр ұрпағымен кездесу кеші өткізілді. Шараға батыр бабамыздың қызы Бақ Тәйімбетқызы келіп, Көмекбаевтың ерлікке толы өмір жолын баяндап, оқушыларға әкесі жайлы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар өлкетанушы Шегебай Құндақбаев ағамызда құрметті қонақтар қатарында болды.

Шара барысында Тәйімбет Көмекбаевтың жастық шағы, соғыс жылдарындағы есте қалған ерлік істері, тапқырлығы мен қырағылығы қозғалып, барлаушылар бөлімшесін абыроймен басқарғаны жөнінде айтылды. Қатысушы оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, қонақтардың әсерлі әңгімелерін тыңдады. Қонақтар ата-бабаларының майдан даласындағы естеліктерін сөз етіп, ерліктің ұрпаққа жүктелген аманат екенін жеткізді.

Шара соңында қонақтарға "Ерлік - елге мұра, ұрпаққа - ұран" атты көрме таныстырылды. Көрмеге соғыс жылдарындағы қолданылған заттар, киімдер, хаттар сондай-ақ соғыс ардагерлерінің орден-медальдары қойылды.

Бұл кездесу – өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен тарихи сананы сіңіруге арналған маңызды қадам. Батырларымыздың есімі – мәңгі жадымызда!

03 желтоқсан 2025 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930