» » ҚАРМАҚШЫДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін аудандық Шәмшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңістің 80 жылдығы: Ерлік, бірлік және тағылым» атты танымдық конференция өтті.
Конференция жұмысына Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Ырзақұлұлы, Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы, тыл ардагерлері, мемлекеттік мекеме және кәсіпорын басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және белсенді жастар қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары конференцияны алғысөзбен ашып, жиналған жұртшылықты Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, соғыстағы ерлік пен бірліктің тарихи маңызына ерекше тоқталды. Іс-шара барысында ел тарихындағы маңызды кезеңдер мен ерлік оқиғалары кеңінен қамтылған мазмұнды баяндамалар жасалды.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы «Ұлы Отан соғысы: Тарихи тағылым және ұрпақ жадындағы мәңгілік ерлік» тақырыбында тарихи шолуын ұсынды. Қоғам қайраткері Сәпен Аңсатов «Тыл еңбеккерлері – Жеңіс үшін жұмылған жандар. Механикалық зауыттың майданға қосқан үлесі» туралы деректермен бөлісті.
Сонымен қатар, ҚР мәдениет қайраткері, жырау Берік Саймағанбетов «Батырлықтың биік шыңы – Тәйімбет Көмекбаевтың ерлік жолы» атты баяндамасында жерлес батырдың тағдырлы жолын баяндады. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ерхан Кәрібозов «Мәңгілік ерлік, мәңгілік жыр: Ұлы Жеңісті жырлаған ақындар мұрасы» атты баяндамасында соғыс тақырыбындағы поэзияның идеологиялық мәніне тоқталды. Қызылорда қоғамдық телерадио компаниясының төрағасы, ақын Шаһизада Әбдікәрімов «Жауынгерлік рух – мәңгілік мұра» тақырыбында рухты көтеретін әсерлі ойларымен бөлісті.
Конференция соңында модератор мазмұнды баяндамалар үшін конференция қонақтарына алғысын білдіріп, іс-шараны қорытындылады. Шара ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгерлердің рухына және тыл ардагерлеріне арналған аспен жалғасты.
05 мамыр 2025 ж. 380 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930