Абзал ана

(Ақбалыш Жалғасова рухына)
Ұлт едік ардан түйген ұлағатын,
Жан едік жақсыларын ұға алатын.
Өмірді өлең етер сәт туғанда,
Ақылым жүрегімді құп алатын.
Талайдың кім таласар бермесіне,
Қарызбыз Нұх пайғамбар кемесіне.
«Жақсының аты өлмейді» деген сөз бар,
Халқымның ой жіберсек термесіне.
Тербелсе тал бесігім тәңірімнен,
Жүреміз бір Алланың әмірімен.
Жақсыдан - құт, жаманнан жұтты көрген,
Талай жайды табарсың өмірімнен.
Өткен күннен тартқанда ойдың жібін,
Құлағыма келеді таныс үнің.
Жақсыларды еске алған қандай жақсы,
Көтеретін қай кезде көңіл гүлін.
Киікшінің қызы едің, бір атамыз,
Еске жиі түседі ақ батаңыз.
Шаңырақтың шаттығын сөзден тауып,
Сіз көтерген қазаннан дәм татамыз.
Тірлігінде адамды іспен сына,
Бақ та, сор да қонады болмысына.
Жетімдерді жылытып жүрегіңмен,
Бір әулеттің бөлендің алғысына.
Бауырларым келді деп қуанатын,
Тым тереңнен тартқан-ау ұлағатын.
Әкесі мен анасын еске ала ма,
Қонақ етіп күткенде жұрағатын.
Елжіреген көңілің есімізде,
Бір құдірет бары анық есіміңде.
Сағынышпен тұлғаңды жырға қоссам,
Қадір тұтқан көңілдің кесімінде.
Адамдар көп, жандар аз сыйласатын,
Жақсылар аз, жаман көп – қимас атын.
Жылу жетпей жүрекке жабығумен,
Тар заманмен келер күн қоштасатын.
Тірілері тәу етер қорымына,
Таңнан тұрам тірліктің жорығына.
Еске алсам шындығым шырылдайды,
Басқа жанды қоя алмай орыныңа.

Дастан МЫРЗАБЕКҰЛЫ

30 қараша 2025 ж. 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 75

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031