» » ӘКЕНІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ ТАУДАН БИІК

ӘКЕНІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ ТАУДАН БИІК

№113 Қаракөл орта мектебінде 27 қараша күні "Әкелер" даналық мектебінің "Әкенің қамқорлығы таудан биік" тақырыбында аудандық ашық есік күні ұйымдастырылды. Мақсаты-құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу, әке мен бала арасындағы сыйластық, отбасындағы әкенің орны және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Іс-шара Бекет атаның немересі Бексұлтанға ұлттық тәрбиенің бір көрінісі "Атты ерттеудің" мән-маңызын үйретуден басталды. Одан кейін Әкелер арасында асық пен ләңгі ойнатылып, олардың басты ерекшеліктері айтылды. Қонақтарды қазақтың киелі домбырасымен жырдан шашу шашып, жас домбырашылар күтіп алды. Әрі қарай мектеп мұражайының жетекшісі Ж.Ерімбетова мұражайдағы ата-бабамыздың тарихы мен мұрасынан сыр шертетін құнды дүниелермен таныстырды.

"Әкелер" даналық мектебінің жетекшісі С.Жақыпов ауыл ақсақалдары мен оқушыларды біріктіріп, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелде қоғамдағы әке тәрбиесінің маңызы туралы ой бөлісті. Іс-шара соңында қонақтар да өз пікірлерін ортаға салып, ыстық лебіздерін білдірді.

Ашық есік күнінде белсенділік танытқан әкелер мен оқушылар "Ұлағатты әкелер", "Дана әкелер", " Шаңырақ шырақшылары" номинацияларымен марапатталды.
28 қараша 2025 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 125

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930