» » "100 кітап - ойлау мен шығармашылыққа саяхат"

"100 кітап - ойлау мен шығармашылыққа саяхат"

Қызылтам ауылдық мектебінде "100 кітап - ойлау мен шығармашылыққа саяхат" атты кітап көрмесі шарасы өтті. Мақсаты оқушыларға әлем әдебиетінің тереңіне сүңгуге, түрлі жанрлар мен шығармаларды танып-білуге мүмкіндік беру.
Әбілтай Аянат шығармасы – "Бақытсыз Жамал" романымен, Келдібаева Нұрсезім Күләш Ахметованың "Құт" кітабы туралы ойларын ортаға салды, Төлен Әбдіктің "Парасат Майданы" кітабының өзектілігін паш етті, Анашбек Нұршапағат Ілияс Жансүгіровтің мәңгілік шығармасы "Құлагер" жайлы сыр шертті, Құралай Ерғазы Абайдың "Қара сөздерін", Ә.Әбішов Несіпбек Айтұлының" Дариға дәурен"кітабын насихаттап, оның адамгершілік құндылықтарына терең үңілді.
Кітапханашы А.Құлбаева Сәуле Досжанның "Мәңгілік бала бейне" және Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" кітаптары бойынша әзірлеген буктрейлерлерді оқушыларға көрсетіп, олардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды.
Оқушылар мен ұстаздардың ерекше қызығушылығын оятқан бұл көрме білім мен шығармашылыққа жаңа қадам жасап, барлық қатысушыларға рухани күш пен шабыт сыйлады. Кітап әлеміне саяхат жасаудың қаншалықты маңызды екенін түсініп, әр оқушы өзіне жаңа білім мен ой-өріс кеңістігін ашты.

26 қараша 2025 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930