» » Әдеби лирикалық кеш өтті

Әдеби лирикалық кеш өтті

qarmaqshy-tany.kz "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ә.Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Махаббат қызық мол жылдар» атты әдеби лирикалық кеш өтті. Бағдарламада «Махаббат, қызық мол жылдар» - бейнебаян, әдеби композиция, "Махаббат жырлары" - әуенді тап және викториналық сұрақ-жауап ойындар, "Сізге әсем ән сыйлаймыз" - ән шашу және "Сырлыда сұлу суреткер» атты кітап көрмесі мен инсталляциялар жасалды. Кештің шымылдығы «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасы бойынша 9-сынып оқушылары көрініспен ашылды. Шағын қойылым, көрермендер көңілінен шықты. Қойылым аяқтала Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасына арналған бейнебаян көрсетілді.
Әзілхан Нұршайықовтай жазушымызды есімізге алғанда ең әуелі, барша қазақ халқының сүйікті шығармасына айналған қанша күн, қанша жыл, өтседе өз оқырманын жоғалтпаған, керсінше артпаса кемімеген шоқтығы биік тың туындысы «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы есімізге оралары анық. "Махаббат, қызық мол жылдар" романының алғаш басылып шыққанына 40 жылға тақап қалды. «Махаббат, қызық мол жылдар» романы жауынгер Ербол мен оның сүйіктісі Ментай арасындағы соғыстан кейінгі жылдардағы махаббат тарихы жайлы баяндайды. Бұл романда махаббат тарихы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы сарбаздарымыздың ерлігімен тығыз байланысты. Соғыстың сұрапыл отынан аман қалған жас сарбаз бейбіт өмірге оралуы, оның қайтадан үйренуді, бейімделуді қажет ететін, өз орнын таба білуді талап ететін жаңа өмірге тап болауы жайында баяндалады. Жазушының "Махаббат, қызық мол жылдар"кітабы талай жастың жастанып жатып сүйсініп оқыған мөлдір сыры...
Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Махаббат қызық мол жылдар» атты әдеби лирикалық кеште №79 негізгі мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нақыпова Күлзира,қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бегежанова Рауан кітап сүйер оқырманға өз пікірлерін білдіріп, көремендерді кітап оқуға шақырды. Нұршайықов әлеміне саяхат жасау мақсатында кітапханада отырған көрермендермен "Махаббат жырлары" - әуенді тап және викториналық сұрақ-жауап ойындар өткізілді. әсем әндер мен әдеби композициялар көрсетілді. Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған «Махаббат, қызық мол жылдар» әдеби лирикалық кешінің көремендері де іс-шараға деген алғыс рахметтерін айтып тарасты.
27 желтоқсан 2022 ж. 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031