Топ-баннер
Топ-баннер2
» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИМЕН КЕЗДЕСТІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИМЕН КЕЗДЕСТІ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.
Аймақ басшысы өңірдегі діни ахуал туралы айтып, алда атқарылатын жұмыс бағытына да тоқталды.
«Сыр еліне жасаған қадамыңыз құтты, сапарыңыз оңынан болсын! Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған қасиетті өлкеміз – жыршы-термешілермен қатар, ауызы дуалы ишандар мен ахундардың мекені.
Ата-баба дәстүрі мен елге еңбек еткен дін қызметкерлерінің арқасында аймағымыздағы діни ахуал тұрақты. Өзіңіз жетекшілік ететін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі істері, қолдауы дәстүрлі дінімізді дәріптеуге септігін тигізіп келеді.
Имамдарымызды қолдау мақсатында әкімдік 2023 жылдан бері арнайы қаржы бөлгенін білесіз. Қос тараптың қолдауы мен оң бастамалары қоғамды тұрақтылыққа үндеп, егемен еліміздің тұтастығын сақтауға бағытталды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Бүгінде өкілдік қызметкерлері жас әрі жоғары білімді. Олар жат ағымдармен күресте әкімдікпен, құзырлы органдармен, мешіт қызметкерлерімен бірлесіп, белсенді жұмыс атқарады. Осы бағытты жалғастыруда Сіздердің қолдауларыңыз аса маңызды», – деді Н. Нәлібаев.
Облыс әкімі Наурызбай қажы Тағанұлына Сыр жұртшылығы атынан арнайы кәдесый тарту етті. Бас мүфти көрсетілген құрметке алғысын жеткізіп, өңірдегі діни ахуалға, оның тұрақтылығы жолында атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары облыста небәрі 14 мешіт болса, бүгінде 190 мешіт ресми тіркелген. Өңірде 7 конфессия өкілдері қызмет етеді, діни бірлестік басшыларының клубы бар.
Айта кетейік, Бас мүфти жұмыс сапары барысында ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай жарыққа шыққан «Айтбай» мешіті: аңыз бен ақиқат» деректі фильмі мен кітабының тұсаукесеріне, «Бабалар сөзі – даналық көзі» ІII республикалық жыршы-термешілер фестиваліне қатысады. Сондай-ақ, «Ел үлесі пәтерге», «Тайқазан», «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық шараларында болып, облыс орталығындағы жаңадан ашылған әлеуметтік нысандармен танысады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

20 қараша 2025 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 611
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031