» » Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.
Басқосуда өңірдегі діни ахуал талқыланды. Сонымен қатар, имамдардың білімі мен біліктілігін көтеру, дін қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау, аймақтағы мешіттерді кадрлармен қамтамасыз ету, халыққа дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу сынды мәселелер сөз болды.
Аймақ басшысы еліміз тәуелсіздік жылдарында қоғамдық-саяси және экономикалық тұрақтылығымен, әр түрлі ұлт пен ұлыс, конфессиялар арасындағы сенім және өзара түсіністікпен ерекшеленетіндігін атап өтіп, асыл дінімізге қолдау көрсетіп, игілікті істерді жүзеге асыруға әрқашан әзір екенін жеткізді.
Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы
облыс әкіміне игі ниетін жеткізіп, Сыр елінде республикалық Құран жарысын ұйымдастыру іс-шараларына қолдау көрсеткені үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан алғысын білдірді.
Наурызбай қажы Сыр еліне екікүндік сапары барысында облыс орталығына қарасты Белкөл кенті мен Арал, Қазалы аудандарында Құран жаттау орталықтарының ашылуына және Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІ Республикалық Құран жарысының ашылу салтанатына қатысады.

28 қыркүйек 2022 ж. 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930