» » Бас мүфти «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуді ұсынды

Бас мүфти «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуді ұсынды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды көпшілік орындарында жазылған «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.


«Кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген «қара жұма» сөзі қоғамда талқыға түсуде. Дініміз бен дәстүрімізде бар «жұма» сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырамын», деді Бас мүфти үндеуінде.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы «жомарт жұма» – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз екендігін айтады.
«Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, «қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгертсек, бұл – Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді», деді Наурызбай қажы Тағанұлы.




25 қараша 2021 ж. 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 749
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 112

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 477

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031