» » АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ


Аудан әкімі жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды әлеуметтік нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыс сапасын бақылады.

Алдымен аудан басшысы Дүр Оңғар ауылындағы газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу жобасының барысын тексерді. Елді мекенде ел игілігі жолында жасалған газдандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба жүзеге асқан жағдайда аудан халқының табиғи газбен қамтылу деңгейі 82 пайызға жетеді. Сонымен қатар Дүр Оңғар ауылы арқылы Иіркөл және Төребай би ауылдарын газдандыру бағытындағы жұмыс та жүргізілуде. Аталған елді мекендерге қатысты және ауылішілік газ желілерінің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті қаржыландыру бойынша шаралар атқарылып жатыр.

Сапар барысында аудан әкімі құны 1,7 млрд теңгеге салынған «Руханият» орталығының жұмысын да бақылады. «Руханият жылы» аясында бой көтерген кешенде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер үйі мен аналарға арналған арнайы бірлестіктер орналасқан. Қазір бұл орталық аудан тұрғындары мен қонақтарына мәдени, танымдық және қоғамдық бағытта қызмет көрсетіп келеді. Аудан басшысы нысанды толық аралап, орталық қызметін одан әрі жетілдіру бойынша тиісті жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік ықшам ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысы қаралды. Мұнда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған 2 пәтерлі 25 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Тұрғын үйлер қазіргі талаптарға сай, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп салынуда. Аудан әкімі құрылыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтіп, мердігер мекемелерге бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

20 қараша 2025 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031