» » АБАЙ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

АБАЙ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

Байқоңыр қаласы № 273 орта мектебінде бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі– кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, патриоттық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Абай және адам құқы» тақырыбында аудандық
іс-шара өткізілді.

Ұлы Абайды тәрбиелеген Құнанбай Өскенбайұлының ел өміріндегі еңбегін,қазақ тарихындағы өз орны бар , заманының көрнекті қайраткері, әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан болған қалың қазақтың қамын жеген дара тұлға екенін айқындаған «Жас талант» театры мүшелерінің сахналық қойылымы көрермендер көңілінен шықты.

Он бес жасында өз замандастарынан озық шығып, ат үстінде жүрген әкесіне көмегі тиген жас Абай даулы істерде әділ билік айта жүріп, жиырма жасында от ауызды, орақ тілді шешен, төрелік айту жөнін жақсы білетін танымал тұлға болғанын жас өнерпаздар көпшілікке көрсете білді.

Көпшілік назарына Абайдың басшылығымен жазылған «Қарамола Ережесі» туралы мәлімет ауызша журнал ретінде ұсынылды.

19 қараша 2025 ж. 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031