ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСІП, КЕЛЕ ЖАТҚАН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
"AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов пен партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Сейл Жұмадьяров Байқоңыр қалалық Қазынашылық басқармасы және Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұжымымен кездесіп, 15 қараша - Ұлттық валюта күні мен
ҚР қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.
"Ең алғашқы ұлттық валютамыз – қазақ теңгесі 1993 жылдың 15 қарашасында айналысқа енгізілді. Осылайша тәуелсіз еліміз тарихының жаңа парағы ашылды. Ұлттық валюта тәуелсіз еліміздің белгісіне айналып, егемендігімізді тұғырлы етті.
Ұлттық валюта енгізіліп қана қоймай, еліміздің барлық қаржылық жүйесін бекітуге күш салынды, мұның бәрі тәуелсіздігімізді одан әрі бекемдеді", - деді М.Есбенбетов.
Өз кезегінде С.Жұмадьяров қаржы саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, мемлекетіміз дамудың талай белесін артқа тастап, қиындықтарды жеңіп, жылдан-жылға гүлденіп келеді. Дәл осындай өзгерістер мен күрделі сынақтарды теңге де басынан өткерді. Осындай өткелең кезеңде Сіздер – қаржыгерлер еліміздің қаржы-қаражат саясатын іске асыруда қанатымен су сепкен қарлығаштай ел игілігі үшін тер төгіп, аянбай қызмет еттіңіздер. Сол себепті бұл күн сіз бен біз үшін аса маңызды, айрықша қадірлі күн деп атап өтті.
Көрсетілген құрметке риза болған қаржы жүйесінің өкілдері "AMANAT" партиясына жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты.
















