» » БЕЛСЕНДІ ЖАС – АУЫЛ КЕЛЕШЕГІНІҢ АЙНАСЫ

БЕЛСЕНДІ ЖАС – АУЫЛ КЕЛЕШЕГІНІҢ АЙНАСЫ

Қазіргі таңда еліміздің болашағы белсенді, ізденімпаз, отансүйгіш жастардың қолында. Ауылаймақтардағы жастардың бойына сенім ұялатып, қоғамдық белсенділігін арттыру жолында тер төгіп жүрген осындай жандардың бірі – Тұрмағамбет ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі маманы Аслан Берманов.
Ол – осы ауылдың тумасы. Бала кезінен еңбекқор, ізденімпаз қасиетімен ерекшеленген ол 1999 жылы Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 2008 жылы осы білім ордасының 9-сыныбын бітіріп шығады. Орта мектепті тәмамдаған соң, Жезқазған политехникалық колледжінде «Техник-құрылысшы» мамандығы бойынша білім алып, 2012 жылы ойдағыдай бітіреді. Одан кейін Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетіне оқуға түсіп, «Құқықтану» мамандығын меңгереді.
Белсенді жас еңбек жолын туған ауылында бастап, түрлі салада тәжірибе жинақтаған. Мәселен, 2013-2021 жылдар аралығында «Тұрмағамбет» ЖШС-да қоймашы, есепші және бригадир қызметтерін абыроймен атқарып, жауапты жұмыстың жүгін арқалайды. 2021 жылы маусым айында Дауылкөл ауылдық округі әкімі аппаратына әдіскер болып қабылданған ол аз уақыт ішінде өз ісіне тиянақтылығымен көзге түсіп, сол жылы-ақ жастар ісі жөніндегі маман қызметіне тағайындалды. Содан бері ауыл жастарының рухани және әлеуметтік дамуына ерекше үлес қосуда.
Ол әр жылы ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану, жаңа қабілеттерін дамыту мақсатында тың бастамаларды қолға алып келеді. Нақтырақ тоқталсақ, 2023 жылы ауылда домбыра үйірмесі ашылып, 150 000 теңгелік грантқа 10 домбыра сатып алынған. Бұл жоба ұлттық өнерді насихаттап, жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашса, 2024 жылы «КиноTIME» жобасымен 150 000 теңге көлемінде грант ұтып, ауыл жастарына арналған кино проектор мен экран (ширма) алынған. Ал биыл аула спортын дамыту жобасы іске асырылып, 350 000 теңгелік грант жеңіп алады. Бұл қаражатқа ауыл жастарына 20 дана футбол формасы, 2 футбол добы, 2 қақпаға тор, 2 дана гір тасы және 12 метрлік арқан (арқан тарту ойынына) сатып алынған. Асланның айтуынша, бұл бастамалардың барлығы ауыл жастарының уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған.
– Сондай-ақ бұл ауылдың жастары тек мәдени немесе спорттық бағытта ғана емес, кәсіпкерлікке де ерекше назар аударады. Биыл 4 жас кәсіпкер мемлекеттік грант жеңіп алып, өз кәсібін жүйелі жүргізуде. Кәсіптік жобалар нан өнімдерін өндіру, мал шаруашылығын дамыту бағытында жүзеге асуда. Бұдан бөлек, бір жас өз қаражатына ауыл орталығынан сауда орнын ашып, табысты кәсіпкерге айналып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, ауылдағы жастардың көбі «Тұрмағамбет» ЖШС-да еңбек етіп, жыл сайынғы егін науқанының қорытындысы бойынша марапаттарға ие болып келеді. Бұл – ауыл жастарының еңбекке деген құрметі мен жауапкершілігінің белгісі. Сондай-ақ ауыл жастары патриот. Әскер қатарына биыл 5 жас жіберіліп, олар ел алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанды. Сонымен қатар, аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының қолдауы жастар саясатын дамытуға үлкен серпін беріп отыр. Әкім гранттар ұйымдастырып, белсенді жастарды әрдайым ынталандыруда. Осы ретте әрдайым жаңа бастамаларға қолдау білдіріп жүретін аудан, ауыл әкімдеріне, аудандық Жастар ресурстық орталығына алғысым шексіз, – дейді Аслан Оразбекұлы.
Белсенді жас өз қызметін аудандық «Qadam» жастар ресурстық орталығымен бірлесе атқарып келеді. Орталық мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу, жоспар құрып, тәжірибе алмасу – оның жұмысындағы басты қағидалардың бірі.
Онымен бірге ауыл әкімінің бастамалары да ауыл өміріне серпін беріп отыр. Биыл ауылда «Тұрмағамбет оқулары» байқауы екі мәрте өткізіліп, жастардың шығармашылық әлеуеті арта түскен. Ұлттық ойындар, футбол турнирлері, тал егу акциялары, еріктілердің қарттарға көмек көрсету шаралары, жазғы би кештері – мұның бәрі ауыл жастарының белсенді өмірінің көрінісі.
Өз жұмысына жауапкершілік танытып, тынымсыз еңбек атқаратын белсенді жастың еңбегі де ескерусіз емес. Өз еңбегінің нәтижесінде облыс және аудан әкімдерінің марапатына ие болған. Былтыр аудан әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған «Qadam» жастар сыйлығында «Жас көшбасшы» номинациясымен марапатталған.
Қазақта «тегіне тартқан» деген әдемі тәмсіл бар ғой. Асланның тегінде өнер мен руханиятқа бейімдік бар. Өз атасы Берман Бисенбаев елге танымал жырау болса, нағашы атасы – ауданның құрметті азаматы Әбен Тоғызбаев. Қанмен келген қасиетінен болса керек Асланның ақындығы да бар. Ол өлең арқылы ауыл өмірін, жастық жігерді, туған жерге деген сүйіспеншілікті жырлайды. Бірнеше рет аудандық және облыстық жазба ақындар мүшәйраларының жеңімпазы атанған.
Ауыл жастары арасында беделді, әріптестері арасында сыйлы Аслан Оразбекұлы отбасында да 4 перзент тәрбиелеп отырған үлгілі әке. Ол жанұядағы татулық пен еңбекқорлықты басты құндылық деп біледі. Аслан сияқты жастар – ел ертеңінің тірегі. Ол жастарды біріктіріп, ауыл өмірін жандандырып жүрген заман жастарының жарқын үлгісі. Өз еңбегімен, ұйымдастырушылық қабілетімен және ауылға деген сүйіспеншілігімен ол нағыз өнеге боларлық жас маманға айналып отыр. Ел ертеңіне бүгіннен қамданатын осындай жастар барда келешегіміз кемел болары сөзсіз.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
08 қараша 2025 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 827
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 551

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930