» » «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы Нұржан Айдарбекұлы Пірмантаевтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы Нұржан Айдарбекұлы Пірмантаевтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы


Мен, Нұржан Айдарбекұлы Пірмантаев 1969 жылы 27 тамызда Тұрмағамбет ауылында дүниеге келдім.
1986 жылы №29 қазақ орта мектебін бітіріп, осы жылдан бастап алғашқы еңбек жолымды бастап, түрлі салада жұмыс істедім. Қызылорда политехникалық техникумына оқуға түсіп, «техник-құрылысшы технолог» мамандығы бойынша бітірдім. ПМК-30 мекемесінде жұмысшы, Ленин кеңшарында жүргізуші, Кейін егіс бригадирі бола жүріп, өндірістен қол үзбей Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетін «инженер» мамандығы бойынша бітірдім. 2006-2008 жылдары «Тұрмағамбет» ЖШС-інде бас агроном, бас инженер-механик қызметтерін атқарып, 2008 жылдың маусымынан бастап «Тұрмағамбет» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып келемін.
Осы еңбек еткен уақыттарда жеткен жетістіктерім аз емес. Бұл еңбегіме берілген халықтың бағасы деп білемін. Сыр бойы жыраулар мектебінің көрнекті өкілі, жыр дүлділі Дүр Оңғар Дырқайұлының 150 жылдық мерейтойын өткізуге белсене араласқаным үшін, жыл сайын егін жинауда жоғары көрсеткішке жеткенім үшін, Социалистік Еңбек Ері Қасымтай Ізтілеуовтің 100 жылдық мерейтойын өткізуге қосқан елеулі үлесім үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен бірнеше рет марапатталдым.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20, 25 жыл» «Қызылорда қаласына – 190 жыл, 200 жыл», «Қызылорда облысына – 70 жыл», «Цай Ден Хак – 100 жыл» «Қазақстан мәслихаттарына – 20 жыл» мерекелік медальдарымен қоса «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталдым.
2011 жылы Астана қаласында өткен Агроөнеркәсіптік кешен қызметтерінің республикалық форумына қатыстым. 2012, 2016 жылы аудандық мәслихатқа депутат болып сайландым.
«Озат ауыл шаруашылығы құрылымы», 2013 жылы аудан бойынша «Жылдың ең үздік меценаты», 2015 жылы «Жыл қамқоршысы» номинациясына ие болсам, 2018 жылы аудандық «Жомарт жүрек» байқауына қатыстым. ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамотасына ие болдым.
Отбасылымын. Отбасымда жұбайым Марал Нұрқановамен 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырмыз.

Құрметті партияластар!

Орындалмайтын уәделер беруден аулақпын. Бірақ, мен аймағымыздағы түйткілді мәселелерді шешуге барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Менің ойымша, аймағымызда келесі мәселелер шешімін табуы тиіс, олар:
Сапалы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ауылдық округтер аумағында жайылымдық және егістік жерлерді кеңейту, мал басын көбейту, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің жаңа нысандарын ашуға жағдай жасау.
Көшелердегі тас жол, жарықтандыру, инфрақұрылым. Тозған жолдарды қазіргі заманғы жоғары сапалы технология бойынша қайта жөндеу, жарық шамдары жоқ көшелерді жарықпен қамтамасыз ету, саябақтар салу, балалардың ойын алаңдарын көбейту. Ауыз судың сапасын жақсарту, оны барлық тұрғындарға тұрақты қолжетімді ету. Көшелерде арнайы белгілер мен бағдаршамдар орнату.
Денсаулық саласын нығайту. Емханалардың халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, білікті дәрігер мамандарын тарту, олардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру. Сондай-ақ, өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықтау және көлікпен қамтамасыз ету.
Білім беру сапасын арттыру. Мектептердің заман талабына сай материалдық-техникалық қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету.
Құқық бұзушылықтың алдын алу. Қоғамдық тәртіпті күшейту, учаскелік инспектордың тұрғындармен жұмыс істеу сапасын жақсарту және көшелерде видеобақылау орнату.
Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу арқылы өңіріміздің келбеті толықтай өзгеретініне сенімдімін, сол себептен сіздерден үлкен қолдау күтемін. Осы жолда аянбай еңбек етуге әзірмін. «Nur Otan» партиясының маған көрсеткен қолдаудың және сіздердің білдірген сенімдеріңіздің арқасында бірге жеңіске жетеміз! Күнделікті өмірде жоғарыда аталған мәселелерден басқа да проблемалар туындайтыны сөзсіз. Сондықтан барлығымыз бірге жұмылып, бұл мәселелердің оңай шешімін таба аламыз! Сіз жақсы өмір сүруге лайықсыз!
23 қыркүйек 2020 ж. 742 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 062

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031