» » АЛАШТЫҢ АСТАНАСЫ - ҚЫЗЫЛОРДА

АЛАШТЫҢ АСТАНАСЫ - ҚЫЗЫЛОРДА


Қызылорда - қазақ тарихында ерекше орны бар рухани орда. Алаш арыстарының ізі қалған бұл өңір - елдік пен ерліктің мекені. Биыл қаламыздың Алашқа Астана атанғанына тура - 100 жыл. Осы атаулы күнге орай аудандық музейде "Алаштың астанасы - Қызылорда" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты Қызылорда қаласының тарихтағы орнын айту, дәріптеу, Алаш қайраткерлерінің еңбегін таныту.
Тарихи сана мен патриоттық рухты қалыптастыру. Шараға аудандық Оқушылар үйінің, №27 орта мектептің мұғалімдері, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің студенттері мен кітапханашылар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында "Қызылорда қаласының тарихы" тақырыбында бейнетүсірілім көрсетіліп, қаламыздың қатпарлы қазақ тарихындағы алатын орны, республика Астанасы ретіндегі рөлі, сол дәуірдің саяси-әлеуметтік ахуалы жан-жақты сараланды. Қатысушылар қала тарихына, Алаш мұрасына байланысты өз ойларымен бөлісті.

31 қазан 2025 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 188
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30