» » "Қызылорда астана болғанды" тарихи танымдық кеш

"Қызылорда астана болғанды" тарихи танымдық кеш

Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына арналған танымдық тарихи кеш өткізілді.
Қызылорда қаласының қатпарлы қазақ тарихында алатын орны ерекше. Ел астанасы Орынбордан Ақмешіт – Қызылордаға ауысқанда, Алаш ардақтылары нақ осы аймақта 1925 жылы халыққа қазақ атауын қайтарып берген болатын. Қазақ Республикасының 1925-1929 жылдардағы астанасы болған Қызылорда қаласы – бүгінде біздің мақтанышымыз. Қызылорда–қазақ халқының алғашқы өз еркіндігін алуының, ұлтымыздың «қазақ» деген атауға ресми түрде ие болуының тарихи белгісі.
Мақсаты – ұрпақ санасына өңіріміздің өткені мен бүгінін бағамдау, туған жерімізді ұлықтау. Қызылорда қаласының тарихи-жағрафиялық орналасуы, оның Тұран ойпатындағы алатын орны, тың деректер жазылған шаһарымыздың ертедегі тарихы және қазіргі көрінісі сипатталған тарихи-танымдық жинақтар, фото-альбомдармен таныстырылды. Оқушылар "Қызылордам сен барда", "Сырдария", "Туған қалам" атты өлеңдерін оқыды.

22 қаңтар 2025 ж. 942 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 799

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930